Текст песни
Бұл бес күндік жалған, Ештеңе мәңгі емес. Жаныңды сүйіп қалғам, Сендегі тәнді емес. Қағаздың беті — шимай, Ауысады күн мен ай. Арнаймын әр әнімді, Сеннен басқаға қимай. Бұл өмір өтіп кетер, Буындар да ауысар. Қалады осы өлеңдер, Бірақ басқа дауыста. Жаным сен — сол жансың өмірімдегі, Жаным сен — сол жансың көңілімдегі. Жаным сен — қайырлы таңсың, Күн сәтті, тым тәтті. Жаным сен — сол жансың, Ғажайып адамсың. Жақында кел, ғашығым-ай, Ішіңде сақтама, ашығын айт. Өзің көріп тұрсың — жасырылмайды, Қиылған көз, қара қасың ұнайды. Барлық сырыңды көзіңнен көрдім, Ойың тап-таза, жүзіңде күлкі. Әрекеттерім сөзімнен көп, Саған келіп тұрмын, қолымда гүл. Жаным сен — сол жансың өмірімдегі, Жаным сен — сол жансың көңілімдегі. Жаным сен — қайырлы таңсың, Күн сәтті, тым тәтті. Жаным сен — сол жансың, Ғажайып адамсың.
Kalifarniya — Janym Sen
«Janym Sen» — Kalifarniya. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:46. Жанр — Поп.
