Текст песни
Бұл Оңғарбегіұлы Аралбай ақынның шаршыға түскенде Айтатын сөзі бас еді. Сол Аралбай ақын баласы Берекет жиырма бес жасында Дүниеден өтіп, басына тұманды заман тап болады. Жыламайын десе тұла бойы тұмарығып таққан тұңғышы Жылайын десе шүкірсіздік деген бір қиын нәрсе. Аллаһтың рахымынан бос қаламын ба деп тағы да Қорқады. Содан не керек айтуы. Сөйтіп әрі сәрі күйде жатқан шағында бұған көптен Көрмеген замандас ағасы Кашаган ақын келеді. Айтушылардың бір парасы Кашаган Аралбайдың баласының Қайтқан хабарын шынында да білмей келіп еді дейді. Бір парасы жоқ, білсе де жақсы көретін інісінің Көңілін бірлейін деп білмеген кісі болып келіп, Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Аралжан көрмегелі Көп болды. Лебізіңе ынтызар болып, дауысыңды Сағындық. Домбыраңды қолыңа алшайшы дегенде көңілі Құлазып отырған Аралбай көкірегінен құралып, Тіліне өлең оралып, мына бір сөзді айтып отыр екен Дейді. Әуелаи Әу. Әй, қолыма алған домбыраң ай, сен де Өзіңді аңыра. Ажалда құрық салған күн ай, қаларсың сен де вадыра. Кешегі өткен он жасым, ай, он жасымнан бері, Қарай ай, домбыра болды ау жолдасым. Он бесте жасқа келгенде құрбының көрдім құрмасын, Ағаның көрдім ордасын. Баяны жоқ сұм жалған бай қадым қолда тұрмасын. Қағаз екі қашек ай, мен шаттанып жүрген күнімді. Домбыраны қолға алғамын, бұл итіңді бір ай шалғамын. Қатыпты қара нари едім, артықын таппай мертіліп мен Базардан қалғанмын. Тіккенде туым жығылған, көкірегім толай арманмын. Қашеке немді сұрайсың? Мен аяғы сынған арбамын, қанаты сынған қарғамын. Құяғы сынған тұлпармын, ой, қанаты сынған сұңқармын. Осындай жайға тап болдым. Көздеріңдей ағаны келген күні тәңірайтып бір көруге Іңкәрмін. Замандас ағам қашек ой, мен қанаты сынған қаршыға. Қанатынан айырылса қаршыға түседі шаршыға. Қашек өлең айтты дың біздей бір ғаріп жартыға. Әй, қашек өлең айтты дың біздей бір ғаріп жартыға. Қимастықтан көңіліңді бір екі ауыз айтайын дүнияның Жалған зарпынан. Заманым тұзу шағымдағы Аралбай едім халқыма. Мезгілді күні біткен соң елді леп сүйген қарағым. Қайырылмай кетті-ақ артынағы, Я ай ойлап тұрсам әуелден. Жаратылып шығыппыз Лауқымменен Мақфуздан. Шарапатты дәні шашылып, сылап сипап өсірдім мен Ұлымды мамығым төсеп асқына. Қашек едемді сұрайсың, мен ботасы өлген боз мая. Тұлыбына келіп аңыраған мен бір жүрген ақ киік. Ылағын түзде қалдырып, орнына келіп аң маңыраған. Әй, мен қартайған арыстан ой, елсіздік алып Ыңыранған. Мен жаһанда жалғыз бай терек жағдайсыз Күні жел соғып жапырағы жерге төгілген. Мен бір тұрған ақ сұңқар көзімнің жасы егілген. Мен бір тұрған ақ сауыт адыра қалдып сөгілген. Қияға біткен терегім уақыты жетпей бүгілген. Қадірлі аға қашек-ау, жалғызымнан айырылып, Қанатым сынып қайырылып, жағдайсыз күйге тап болдым. Көңілім сүйтіп Түңілген-ау, Еу. Әй, еу, Әуеу.
Asyl Müra, Елдос Еміл — Аралбайдың Қашағанға мұңын шағуы
«Аралбайдың Қашағанға мұңын шағуы» — Asyl Müra, Елдос Еміл. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:31. Жанр — Фолк.
