Жас туралы терме Әсет Найманбаевтың «Жас туралы әнінің» ізімен
Jyr Termeler, Vol. 3Текст песни
Балалар он жасыңда құлындайсың. Сырт ойынып, үйді күліп дуылдайсың. Ақылға бас тықпаған сәби күннің ұзақтай жазғы тұрғы Шуылдайсың. Қуалап кешке дейін көбелектей, Шыбықты атқып, еніп зуылдайсың. Көңілде дәнеге жоқ қарның тойса, Патшаның өз үйінде ұлындайсың. Мектептен білім алып, сабақ оқып, Айтқанын ұстазыңның ұғынғайсың. Келгенде он бес жасқа бір ой түсіп, Көргенде қызды ауылда ауқырыңдайсың. Құрбыға айтар сөзге аузың бармай, Көңіліңді көзбен айтып жымыңдайсың. Он жеті-он сегізде гүл-гүл жайнап, Жібектің қызыл жасыл тулыңдайсың. Арманың кел деп алдан қол бұлғаса-ай, Өзгенің кеңесіне бұрылмайсың. Арманың кел деп алдан қол бұлғаса, Өзгенің кеңесіне бұрылмайсың. Жиырмада сары алтынның буындайсың. Тасығын дариямен суыңдайсың. Келгенде жиырма үшке өрге жүзіп, Сақпанның тасындай боп зымырайсың. Алаулап жиырма бесте қатың шықса, Атақты abyl айдың туыңдайсың. Отызда орда бұзар деген күннің асылдың егеу алмас Қырыңдайсың. Келгенде отыз беске тоқтау түсіп, Абайлап ұят қонша ұрынбайсың. Қырыққа келгеніңде қылжақ қалып, Қынынан күнде қылыш суырмайсың. Келгенде қырық беске желбек ейсап, Әр іске кезеніп бел буынбайсың. Елу жас өміріңнің тең ортасы бар болса, Ескі күштен сығымдайсың. Елу бес жаспен кәрі бөлінгендей, Жас кейін кәріл кері бұрынғайсың. Келгенде алпыс жасқа қорқа танып, Абайлап балдартыңда ауырыңдайсың. Келгенде алпыс беске азу түсіп, Бұртыңды тіліңменен тығыңдайсың. Жетпісте ақ жүзіңді әжім басып, Сыр кеткен сырлы аяқтың сындайсың. Жетпістен асып шал боп шөжірсең-ау, Жас күнің еске түссе жымыңбайсың. Келгенде жетпіс беске кенсең қағып, Көмейге асты бітеу тығыңдайсың. Сексенде жанарыңның нұры тайып, Көзіңді ұрмай-соқпай сығымдайсың. Келгенде сексен беске денең суып, Қанша туын орансаң да жылынбайсың. Тоқсанда кемпір шалдың көбі азайып, Сөз өстіп балалардан сыбырлайсың. Келгенде тоқсан беске жүгің босап, Ажалға мойын сұнып шыбыңдайсың. Жетесің арманыңа не жетпесін, Өлімнің құрығынан құтылмайсың. Тірлікте тірі адамға дем біткенше, Тырмысып көз жұмғанша бір тынбайсың. Жүз жастан дәм биіріп жүзіп өтсең, Өзің-ақ қара жерге тығылғайсың. Өлмесе ата-баба қайда кеткен, солардың жолын қуып Бұрылмайсың. Көшір жұрт, күрір мысал термей еттім, Жігіттер мәнін ойлап ұғыңғайсың.
Asyl Müra, Аяз Бетбаев — Жас туралы терме Әсет Найманбаевтың «Жас туралы әнінің» ізімен
«Жас туралы терме Әсет Найманбаевтың «Жас туралы әнінің» ізімен» — Asyl Müra, Аяз Бетбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:16. Жанр — Фолк.
