Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Көк күмбірлеген не пайда, жағасы жайсыз жар болса, Суы ашық бағына, жиі тайыстар болса. Көк аспаннан не пайда, көгінде күн күлмесе, Қыздар жиған мақтадай, ақша бұлттар жүрмесе. Биік таудан не пайда, шыңында ақ қар жатпаса, Сылдырап аққан тау суын, сүйсініп балдай татпаса. Шайқалған балдан не пайда, жемісін жазда татпасаң, Шаршап бір келіп жұмыстан, саясында жатпасаң. Жарық күннен не пайда, үйіңде таңның атпаса, Бұл өмірде қызық не, бұзығын шулап жатпаса. Байлықты жиған не пайда, артыңда ұрпақ қалмаса, Құмырыңды бөлгізген, сәбиден қолың талмаса. Ер жігіттен не пайда, қолына қару алмаса, Елін, жарын, туғанын, дұшпаннан сақтап қалмаса. Аталы ұлдан не пайда, баталы сөзді ұқпаса, Арақ ішіп мәз болып, үлкенді үлгі тұтпаса. Бір туғаннан не пайда, бірлігі оның болмаса, Ыстыққа бірге жылынып, суыққа бірге тоңбаса. Ағайыннан не пайда, көре алмай сені күндесе, Фәнидің жалған екенін, тірлікте ойлап білмесе. Сансыз достан не пайда, жаныңды сенің сезбесе, Шындықты бірге іздесіп, қиындыққа төзбесе. Жастық шақтан не пайда, жалындап бір жанбаса, Айлы түнде қыдырып, махаббатқа қанбаса. Кәріліктен не пайда, қартайып қызық көрмесе, Асырап баққан ол қызың, қарызыңды өтеп бермесе. Сұлу қыздан не пайда, ресторан жанын торласа, Доллар үшін әркіммен, ар-намысын қорласа. Сұлу жардан не пайда, тірлікпен ісі қалмаса, Іздеп бір досың келгенде, иіліп төсек салмаса. Көп білгеннен не пайда, пайдасыз істі сақтасаң, Жастарды жиып қасыңа, білгеніңді айтпасаң. Мен бақылдан не пайда, тыңдайтын жан болмаса, Білімдіден шыққан сөз, жүрекке барып қонбаса. Ойыңды жинап келгенде, айтарым саған азамат, Мұратыңа жетпесең, жамандыққа беттесең. Ақыл айтқан адамға, өзім білем кет десең, Бұл өмірден не пайда, халқыңа қызмет етпесең. Бұл фәниден не пайда... Бұл жалғаннан не пайда... Халқыңа қызмет етпесең.
DJ Rolando Vibe — Не пайда
«Не пайда» — DJ Rolando Vibe. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:08. Жанр — Поп.
