Текст песни
Өзіңізге ыңғайлы орналасыңыз. Денеңізді босатыңыз. Ал енді көзіңізді жұмып, Назарыңызды тынысыңызға аударыңыз. Баяу және терең дем алып, демді баяу шығарыңыз. Қайтадан баяу дем алыңыз Және қайтадан демді шығарыңыз. Назарыңызды тынысыңызға аударыңыз. Сіздің деміңіз баяу және тыныш. Әр дем алуыңыз ауамен бірге денеңізді тыныштыққа Толтыруда. Әр демнің шығуы бойыңыздан бүгінгі күннің шаршауын Шығаруда. Әр дем алуыңыз денеңізді таза ауаға толтыруда. Демнің шығуы денеңіздің әр бөлігінен мазасыздықты Шығаруда. Сіздің дем алуыңыз баяу және тыныш. Әр тыныс сіздің денеңіздің әрбір жасушасын Тыныштандырады. Әрбір дем шығару сіздің денеңізден қандай да бір Мазасыздықты шығарады. Әрбір тыныс сіздің денеңіздің әрбір жасушасын Тыныштыққа толтыруда. Сіздің денеңіз біртіндеп босай бастайды. Ешқайда асығудың қажеті жоқ. Сіз тыныштықсыз. Сіз тыныштықтың тура өзіндесіз. Сіздің дем алуыңыз баяу және тыныш. Денеңіздің әр бөлігі, Аяғыңыз, Қолыңыз, Бетіңіз, мойыныңыз, Әр бұлшық етіңіз босап, дем алуда. Сіздің басыңыз жеңіл. Сіздің денеңіз бос, Бірақ бойыңызда ерекше жағымды жылулық бар. Сіз өзіңізді жақсы және тыныш сезінесіз. Әлем сізбен бірге. Әлемнің бір бөлігі ретінде сіз өзіңізді тыныштықта, Сабырлықта сезінесіз. Ал әлем өзінің жылулығымен, тыныштығымен сізді Қоршауда. Осылайша әлемнің ортасында бола, Сіз тыныштық пен жылулыққа толудасыз. Жылу сіздің денеңіздің әрбір бөлігіне енуде. Бұл жылу сіздің денеңіздің барлық жасушаларын емдей Отырып, сіздің денеңізді де емдеуде. Енді жылу сіздің басыңызға еніп, Көзіңізді, Құлағыңызды, Тынысыңызды емдейді. Осы жылу сіздің тамағыңызға, кеудеңізге еніп, Тыныш және еркін тыныс береді. Міне, бұл жылу омыртқаға енді. Бұл сіздің әрбір омыртқаңызды нығайтуда. Жылу сіздің ішіңізді толтырады. Әр бөлшекті, әр жасушаны емдейді және жарықпен Толтырады. Жылу сіздің қан тамырларыңызды қанықтырады. Әр жасушаны өмірге деген сүйіспеншілікпен байытады. Аяқтарыңыз, Қолдарыңыз осы жылумен толуда. Сіздің тынысыңыз тыныш. Сіз жылумен дем алудасыз. Сіз терең дем алудасыз. Айналаңызға қараңыз. Сіз қазір ертегідей бақшадасыз. Айналаңызда көптеген жасыл желектер бар. Бақ үлкен, әдемі. Сіз өзіңізді қауіпсіз және жайлы сезінесіз. Бұл жайлылық пен қауіпсіздік бағы. Алдыңызда үлкен бәйтерек өсуде. Ол сізді өз жанына дем алуға шақыруда. Оған жақындаңыз, Оны құшақтаңыз. Бұл бәйтеректің тыныштығын, қайратын қабылдаңыз. Бұл мәңгіліктің, сабырлықтың терегі. Ол сіздің бәйтерегіңіз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғас болып келе жатқан қасиетті Бәйтерек. Сіз мұнда қалағаныңызша бола аласыз. Өйткені бұл тек сіздің ғана бағыңыз, Сіздің ғана бәйтерегіңіз. Және бұл бәйтерек тыныштық пен сабыр беретін мұра. Осы сабырлықты бойыңызға сіңіруге толық рұқсат Беріңіз. Ал бәйтерек сіздің рұқсатыңызбен бойыңызды бар Қорқыныштан, мазасыздықтан тазартып, Өз сабырлығын, тыныштығын беруде. Бойыңыз сабырлыққа, тыныштыққа толып жатқанын Сезініңіз. Оның рахатын алыңыз. Әр дем алуыңыз осы сабырлыққа және керемет бір Ләззатқа бойыңызды, денеңізді толтыруда. Әр демнің шығуымен бойыңыздағы әр жасуша толыққанды Осы сезімді сіңіруде. Сіздің дем алуыңыз баяу, Терең. Асықпаңыз. Осы мезгілді, осы уақытты, осы сәтті есіңізге Сақтаңыз. Өйткені сіз кез келген уақытта бұл бақшаға, Осы теректің жанына орала аласыз. Енді қаласаңыз Өз жұмыстарыңызға оралу үшін Көзіңізді аша аласыз. Немесе осы тыныштықты жалғастырып, Ұйқыңызды жалғастыра аласыз. Бұл ұйқы сізді толыққанды тыныштыққа, Сабырлыққа толтырады.
Harmonia.kz, Yenlik — Qatty Uiqy
«Qatty Uiqy» — Harmonia.kz, Yenlik. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 9:04. Жанр — Легкая музыка.
