Текст песни
Сәлем! Мен мазасыздықтың қаншалықты жағымсыз екенін және Кейде одан қаншалықты құтылғың келетінін білемін. Қазір оны сенімен бірге осы сәтке жайлы және Қауіпсіз менталды кеңістікте жасауға шақырамын. Телефонды алдын ала өшіріп, ыңғайлы орналас. Енді көзіңді жұмып, денеңді босат. Терең дем ал. Баяу демді шығар. Тағы да терең дем ал. Баяу демді шығар. Терең дем алып, демді шығар да, Бірте-бірте денеңнің қалай босап жатқанын байқа. Баяу және терең тыныс алуды жалғастырамыз. Денеңді аяғыңнан бастап бір жылы ақ жарық орап Жатқанын сез. Ол жарық денеңнің әр бөлігін толтырып, Жоғары көтеріле бастағанын сезіп жатырсың. Түсініксіз жеңілдік тізеге, жамбастың ішкі және Сыртқы бөліктеріне таралып жатқанын байқадың. Осы бір сиқырлы күш енді іштің, Арқаның төменгі бөлігін босатып, алақаныңды, Қолыңды босатуда. Кеуде қуысы, иық, мойын біртінде босаңсуда. Иек, жақ, ерін, бет, көз, Қасмаңдай, жақ жеңілденуде. Тынысың баяу, Терең. Бетіңнің босап жатқанымен бірге жылулықты Сезінудесің. Енді бойдағы мазасыздықты кез келген бейне түрінде Елестетіп көр. Бұл зат, жағдай немесе кейіпкер болуы мүмкін. Оған мұқият қарап, анық сипаттап көр. Ол неден тұрады? Неден жасалған? Әлде түрі қандай? Ол қатты шаршағаннан немесе уайымнан пайда болуы Мүмкін. Осылайша ол дем алып, өзіңе назар аудартатын уақыт Келгенін білдіреді. Болмаса, ол өміріңнің бір сәтінде бірдеңе дұрыс емес Екенін және назарыңның мүлдем басқа нәрсеге ауысып Кеткенін түсіндіргісі келіп жатқан шығар. Мазасыздық кез келген басқа сезім сияқты пайдалы. Бұл шешілмеген істерге, аулақ болғаңназар аудару Немесе көп затты ішіңде сақтамауға белгі болуы Мүмкін. Оның қайдан келгенін түсінуге тырысып көрші. Терең және баяу тыныс алып, асықпай ойлан. Жауап бар. Оны табу үшін біз тыныштыққа саяхатымызды Жалғастырамыз. Әрбір шешім тыныштық пен сабырлықты қалайды. Сондықтан осы мазасыздық баяу дем алуға Итермелейді. Осы медитацияны тыңдауға итермелейді. Дем алу бұл асықпай тыныс алу уақыты. Иә, Дұрыс. Дұрыс дем алудасың. Дұрыс тыныштықтасың. Дәл осы тыныштық уақыты. Осы әуен, Осы сөздер денеңді қауіпсіздік сезіміне, Жаңа күштерге, жаңа энергияға толтыруда. Енді сен іштей де, сырттай да жайлылық пен рахатты Сезініп, бір келкі дем ала аласың. Тынысың баяу, Бір қалыпта. Денеңнің әрбір бөлігі, өміріңнің әр сәті Психологиялық жайлылық пен қалыпқа келтіретін Өмірлік күш пен энергияға толуда. Кеуде қуысы қуаныш сезімін бір-бірден толтырып, Ерекше бір бақыт сезіміне ие болудасың. Сондықтан тағы да тереңірек баяу дем алып, Әр тыныс алуың бойыңдағы барлық сезімдеріңді жағымды Энергияны екі есе, үш есе арттыруда. Ресурстық күйге айналдыруда. Сондықтан денең, әр тынысың ризашылық пен тыныштық Пен қауіпсіздікке толуда. Әр сәттен ләззат алып, осы күйде отыруды жалғастыр. Денеңдегі күш, жарық жарқыраған күш, Керемет сезім Қалаған кезде тұрақты көмекшің өзіңе іштей "Менмін, Қолымнан келеді. Мен өзімді жақсы көремін" деп айт. Осы есіңде болсын. Ал енді саусақтарыңды, аяқтарыңды қозғап, Денеңді толықтай сезін. Көзіңді ашсаң болады. Досым, Өзіңнің істеген істеріңе сен. Өзің үшін ең алдымен өзің ғана маңызды екенін есіңде Болсын. Жақсы нәтиже алу үшін бұл медитацияны отыз күн бойы Тыңдауға кеңес береміз.
Harmonia.kz, Yenlik — Uaiymdama
«Uaiymdama» — Harmonia.kz, Yenlik. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 7:46. Жанр — Легкая музыка.
