Текст песни
Қайырлы таң! Бұл таңғы медитация келер күнге дайындалуға Көмектеседі. Өзіңізге ыңғайлы қалыпқа отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Ойша медитацияға дайындалыңыз. Денеңізді сезініңіз. Ыңғайлы отыруға уақыт беріңіз. Омыртқаңызды жамбасыңыздан бастап төбеңізге дейін Созыңыз. Баяу, асықпай, жұмсақ. Омыртқа арасында кеңістік қалдыра отырып, Бет бұлшықеттерін босатыңыз. Иығыңызға назар аударыңыз. Созылуды жалғастырыңыз. Денеңізді іштей сезініңіз. Әр жасушасын. Терең дем алып, Деміңізді шығарыңыз. Деміңізді шығара отырып, қалаған эмоцияларды Жіберіңіз. Тағы бір дем алып, Деміңізді шығарыңыз. Дем алғанда "қайырлы", Шығарғанда "таң" деңіз. Ойланып дем алыңыз. Өкпеңіз ауаға толып жатқанын сезініңіз. Денеңіздің әр жасушасы дем алуда. Энергияға толуда. Әр тыныс алған сайын қазіргі сәтте болмысыңызды ой Елегіңізден өткізіңіз. Әр тыныс алған сайын қазіргі сәтте болмысыңызды ой Елегіңізден өткізіңіз. Өз денеңізде. Сіз тұрған кеңістікте. Қайырлы таң! Баяу дем алып, дем шығаруыңызды жалғастырыңыз. Жаңа күнде болудың жаңа тәжірибесіне толыңыз. Сіздің бетіңіз барған сайын жұмсаруда. Еріндеріңіз жұмсаруда. Көздің бұрыштары жұмсаруда. Сіздің бетіңіз ішкі жұмсақ күлкімен күлімсіреуде. Бүгін өзіңізді қалай сезінгіңіз келетін бір немесе Бірнеше сөзбен айтыңыз. Бақытты, Сәтті, Қуанышты, Шығармашыл, Еркін, Жұмсақ, жылы. Бұл сөздің энергиясын сезініңіз. Бұл энергияны денеңізде сезініңіз. Осы сөзбен аффирмация құрыңыз. "Мен сәттімін" Немесе "мен бақыттымын", "мен қуаныштымын". Сөздің энергиясын айналаңыздағы барша қоршаған Кеңістікке жібере отырып, іштей күлімсіреп, Дем ала беріңіз. Жаңа күнмен амандасыңыз. Бұл күн сізді қарсы алғанын сезініңіз. Бүгінгі күннің барлық оқиғаларына сіздің Аффирмацияңызға сәйкес табиғи және оңай қалыптасуына Мүмкіндік беріңіз. Терең тыныс алыңыз. Деміңізді бірнеше секунд ұстаңыз. Баяу, саналы түрде шығарыңыз. Көзіңізді ашыңыз. Қайырлы таң!
Harmonia.kz, Yenlik — Kunindi Basta!
«Kunindi Basta!» — Harmonia.kz, Yenlik. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 5:45. Жанр — Легкая музыка.
