Текст песни
Қалай ғана байқамаймыз біз бәрін, Көк аспанда күннің қызғанын. Байқамаймыз ұйқтап жүріп уақыттың, Ақ жүзіңе сызық сызғанын. Байқамаймыз еш нәрсені көбінде, Алғи тұрады бір мұң көңілде. Байқамаймыз бала күннің өзінде, Ғашық жанның барын өмірде. Өз ғалпында өте берер есте күн, Байқамаймыз оттың өшкенін. Байқамаймыз кешегі жас баланың, Жігіт болып қалай өскенін. Байқамаймыз көктемнің де келгенін, Мол шуағын күннің шашқанын. Байқамаймыз күліп жүріп өмірде, Көп достардың сиреп қалғанын. Байқамаймыз көктемнің де келгенін, Мол шуағын күннің шашқанын. Байқамаймыз күліп жүріп өмірде, Көп достардың сиреп қалғанын. Келісерсің бұл сөзіме дос менің, Бақыттың да бір күн қош дерін. Байқамаймыз кәріліктің бір күні, Соңғы рет бір жанып өшкенін. Қартаяды күліп тұра тұғын қыз, Мұжулады мүлгіп биік қос. Аңқаумыз ау байқамаймыз тегінде, Өмір өте шығатынын біз. Қартаяды күліп тұра тұғын қыз, Мұжулады мүлгіп биік қос. Аңқаумыз ау байқамаймыз тегінде, Өмір өте шығатынын біз.
Мұқасан Шахзадаев — Байқамаймыз (live)
«Байқамаймыз (live)» — Мұқасан Шахзадаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:44. Жанр — Авторская песня.
